Екатеринбург Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық Форумы қонақтарын қабылдауға дайындалуда

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 21 қазан. ҚазАқпарат - Свердлов облысының үкіметінде Екатеринбургтің Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың оныншы Форумын өткізуге дайындық мәселелері жөніндегі жиын болып өтті. Екі елдің де басшылары оған қатысуды жоспарлауда.

Алқалы жиындағы бірінші күннің ең қызықты оқиғаларының бірі - «Инвест марафоны». «Бұл аймақтар мен ірі компаниялардың таныстырымы рәсімінің өзіндік нон-стопы болмақ. Сонымен қатар, біз аймақаралық кооперацияны дамыту, Ресей мен Қазақстан кеңістігінде логистикалық мәселелерді шешу тақырыбына дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Ресей аймағы үкіметінің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, Екатеринбургте бірінші рет «Ресей-Қазақстан» жастар форумы өтеді. Оның күн тәртібінде ғылыми-техникалық кооперацияларды дамытуға байланысты, гуманитарлық білім беру байланысын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық жөніндегі сұрақтар қаралады.

«Форумның тағы бір маңызды бөлігі - «Ресей мен Қазақстан аймақтарының өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбында өтетін көрме». Сонымен бірге, Екатеринбургте Ресей мен Қазақстан іскерлер кеңесінің отырысы өтеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың маңызды деген мәселелерін қарастырады, - деп атап өтті Свердлов облысы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыс министрі Андрей Соболев.

Еске сала кетсек, 9-11 қараша аралығында Орта Оралда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының оныншы Форумы өтеді. Оған мемлекет басшылары Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.