Екатеринбургте -200 градусқа дейін аяз болады деп болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «41-Домашний» Екатеринбург телеарнасы алдағы аптаның ауа райы болжамын ұсына отырып, оралдық астанада қатты аяз болады деп болжам жасады.

Эфир барысында көрсетілгендей, 12 қаңтар, бейсенбі күні Екатеринбургте ауа температурасы 215 градус Цельсийге дейін төмен түседі, деп жазады Лента.ру.

Бұл қателікті «Комсомольская правда в Екатеринбурге» басылымы байқап қалады.  Экрандағы кескін әлеуметтік желіге тарап кетті. Алайда телеарнаның мәлімдеуінше, қолданушылар ескі скриншотты өз парақшаларына жариялайды.

«Бізде мұндай жағдай бірнеше жыл алдын орын алған. Бірақ, бұлай болуы қалыпты жағдай. Жазылғанда қателік кеткен», - деп атап өтті телекомпанияның өкілдері.

Қаңтар айында Ресейге қатты аяз келді. Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, рождестволық түн Мәскеуде 120 жылдың ішіндегі ең суық түн болған: Ресей астанасындағы термометрдің көрсеткіші минус 29,9 градусқа дейін төмендеген. Мәскеу маңында 8 қаңтар күні түнгісін температура көрсеткіші минус 36 градусқа жеткен. Абсолютті температура 2010 жылы Антарктида да байқалған. Ол кезде құрлықтың температурасы минус 93,2 градусқа төмендеді.