«Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Екатеринбург қаласында лаңкестік әрекеттерге дайындықтың жолын кесті. Қаланың Чкалов ауданында контртеррористік операция өткізілді. Оның барысында лаңкестік қызметке қатысы бар үш содыр өлтірілді»,-деп хабарлады комитеттен.
Сондай-ақ, арнайы операция кезінде қолдан жасалған жарылғыш құралдар, қару-жарақ және оқ-дәрілер табылған.