— Электр жеткізу желілеріндегі апат салдары жойылды. Мамандардың жедел әрекет етіп, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қалпына келтірді. Бұл ретте Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның БӘЖ-іне аварияның салдарын барынша азайтты. Сағат 19:08–де Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының параллель жұмысы қалпына келтіріліп, тұтынушыларға енгізілген шектеулерді алып тастау жұмыстары басталды, — делінген «KEGOC» АҚ хабарламасында.
Бұдан бұрын Екібастұзда 500 кВ электр жеткізу желісі апаттық жағдайда ажыратылғанын жазғанбыз.