– Кеше ғана мердігердің қатысуымен жиналыс өткіздім. Жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. Құрылыс алаңында қажеттілікке сай 450 адам жұмыс істеп жатыр. Қазандық, турбина тәрізді құрылғыларды жеткізуде де ешқандай бөгелу жоқ, – деді ол.
Сонымен қатар, Аңсар Айдаров 2028 жылдың қазан айында үшінші энергоблок, ал 2030 жылы төртінші энергоблок пайдалануға берілетінін атап өтті.
– Төртінші энерго-блокқа қажетті құрылғыларды алу бойынша келісімшарт жасалды. 2027 жылдан бастап олар құрылыс алаңына жеткізіледі, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Аян Бейсекин Екібастұздағы ГРЭС-2-нің үшінші және төртінші энергоблоктарын салу жұмыстары бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесінен қалып қойғанын мәлімдеген еді.
Алайда бүгін «Самұрық - Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Аңсар Айдаров бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.