Павлодар облысы «Атамекен» палатасы екібастұздық кәсіпкерлердің шағымына құлақ түріп, прокуратура өкілдерінің бұл іске араласуын сұраған. Нәтижесінде жергілікті 30 кәсіпкерлік нысаны сақталып қалды.
«Кәсіпкерлер палатасы мен Екібастұз қалалық прокуратурасы бизнес өкілдерінің өтініше жедел ден қойдық. Қала прокуроры шаһар басшысының қатысуымен саябақта көшпелі жиын өткізіп, оның нәтижесінде кәсіпкерлердің барлық нысандары сақталып қалады деген шешім шығарылды», деп хабарлады Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан.
Қазіргі уақытта балансұстаушы мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен 2024 жылға тиісті шарттарды жасасып жатыр.