ПАВЛОДАР.KAZINFORM – Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнату барысында жылу электр станциясын кеңейту мен реконструкциялауға арналған қаражатты талан-таражға қылып, жымқырылғанын анықтады.
Жергілікті прокуратураның мәліметінше, расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрап отыр.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмысқа қатысты мән-жай, залалдың түпкілікті сомасы, оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталып кетті» - делінген хабарламада.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)