Абайсыздық қайғылы оқиғаға әкелді. Келесі күні екі ер адам да өлі күйінде табылды.
— 3 қазан күні 11.30-да ПД кезекшісінен Екібастұздағы ауылды жерде жер үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті, — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаменті.
Сараптама тағайындалды.
Болжам бойынша, өлімге газдан улану себеп болған.