«Екібастұз жылу электр орталығына бұрын-соңды мұндай жөндеу болған емес. Барлық жабдық толық жөндеуден өтті. Екібастұз өткен жылмен салыстырғанда жұмысқа дайын, бұл сөзсіз. Жылыту маусымы тұрақты түрде басталды, жылу трассасының үлкен көлемі ауыстырылды», - деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ вице-министр аталған жылу электр орталығының әкімдіктің баланысына берілгенін айтты.
«ЖЭО әкімдіктің балансына берілді. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет жауапты. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға жылу трассасын қайта құрылып, негізгі магистральдар ауыстырылды. Осылайша өткен жылғы болған апаттың қайталану тәуекелі төмендеді», - дейді ол.