Болат Нұржанов атындағы Екібастұз №2 мемлекеттік аймақтық электр стансасындағы №3 энергия блогының кенеттен тоқтауы қуатпен қамту жүйесіне әсер етпейді.
«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-не тиесілі №1 мұржаның оқпаны бойындағы қарау люктерінен түтін газдарының қысқа мерзімді шығуы болған. Себебін анықтау мақсатында арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін еліміздің өзге электр стансаларында өндірісті алдын ала ұлғайту ұйымдастырылды. Аталған жағдай тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейді,-деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінен.
Бұған дейін Екібастұз №2 МАЭС стансасында бір энергия блогы кенеттен жұмысын тоқтатқаны туралы жазғанбыз.