Қала прокуратурасы мемлекеттік су шаруашылығы нысандарын сенімгерлік басқаруға беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, сорғы станциялары мен құбырлар уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілмей, заң талаптарын бұза отырып, жеке басқарушыға берілген.
Нысандар коммерциялық мақсатта пайдаланылғанымен, мемлекет олардан тиесілі таза кіріс алмаған.
Прокуратураның ұсынуымен сенімгерлік басқару шарттары бұзылып, жалпы құны 515 млн теңгеден асатын су шаруашылығы құрылыстары мемлекетке қайтарылды.
Енді бұл нысандар қайтадан конкурсқа шығарылады. Жаңа шарт бойынша оларды пайдаланудан түсетін таза кіріс бес жыл бойы мемлекеттік бюджетке аударылуға тиіс.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да құны 180 млн теңге жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған едік.