Екібастұзда кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған
11:26, 23 Қазан 2024
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Үлгілік ережелерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 16.01.15ж. №17 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік мекеме теңгеріміне бекітілген мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсыру шаруашылық жүргізуші субъектіні (сенімгерлік басқарушыны) мүлік салығынан босатады.
Алайда Экономика және қаржы бөлімі шарт жасасу кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген.
Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылды.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Екібастұздағы жер үйлердің 94 пайызы жылуға қосылғанын жазған болатынбыз.