Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, талдау барысында қоймалардың тізілімге енгізу талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Атап айтқанда, кейбірінде теміржол жолдары, бетон төсемелер, бақылау-өткізу пункттері, бейнебақылау камералары мен қоршаулар болмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарға жол берген қоймалардың қызметі тоқтатылды.
Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық бөлімшелерге қоймаларды кәсіби деңгейге көтеру және олардың қызметін бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді.
Уақытша сақтау қоймаларының жұмысын дұрыс ұйымдастыру жүктерді өңдеу жылдамдығына, тауар айналымының үздіксіздігіне, тасымалданатын тауарлардың сақталуына және елдің инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер етеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дәрі жеткізуге арналған өз қоймаларын салатынын жазған едік.