Серікбай Жәнібеков Қазақстанды аралап, көрікті жерлердің, табиғи ландшафтар мен қалалардың әуеден түсірілген көріністерімен бөлісіп жүреді. Бұл жолы контент авторы Екібастұз қаласына жақын орналасқан Солнечный кентіндегі ГРЭС-2 станциясының түтін мұржасын көрсетті.
Автор алып нысан туралы қызықты деректермен де бөлісті. Түтін мұржасы 1987 жылы тұрғызылған. Ол туралы нысанның өн бойына жазылған. Құрылыстың салмағы шамамен 60 мың тонна. Негізгі міндеті – станцияның энергия блоктары жұмыс істеген кезде пайда болатын түтін газдарын сыртқа шығару.
Әлемдік рекорд Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында расталған. Мұржаның биіктігі – 420 метр. Төменгі бөлігінің диаметрі 44 метрге жетсе, жоғарғы жағында 14,2 метрге дейін тарылады.
Бұған дейін Екібастұз ГРЭС-2-де жаңа энергоблоктардың құрылысы кестеден кешігіп жатқаны туралы жазғанбыз.