«Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде Екібастұз № 2 МАЭС кәсіпорнының бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды. Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданды. Нәтижесінде аталған станса жоғарыда көрсетілген сомадағы корпоративтік табыс салығын бюджетке төледі», — деп мәлімдеді прокуратурадан.
Еске сала кетейік, бұған дейін прокурорлар Ертіс-Баян өңірінде 210 мың гектар жер заңсыз берілгенін анықтады.