Екібастұздық кәсіпкер ауыл мектебіне қосымша ғимарат салып берді

Фото: Фото: Валерий Бугаев

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Екібастұз қаласына қарасты Зеленая роща ауылындағы оқушылар жаңа оқу жылында тамаша сыйлыққа кенелді. «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров өз қаражаты есебінен ауыл мектебінің бастауыш сыныптарына арналған қосымша ғимарат салып берген. Нәтижесінде бұдан былай мектеп оқушылары бір ауысымда оқи алады.

Зеленая роща ауылындағы мектептің негізі 1964 жылы қаланған. Бірақ нысан әбден ескіргеніне байланысты 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы аумағы 1020 шаршы метр болатын жаңа ғимарат тұрғызылған. Пешпен жылытылатын ескі жүйенің орнына модульдік қазандық орнатылды. Сол кезде «Табыс» ШҚ қолдауымен спорт залы да салынған болатын. Енді биыл кәсіпкер Манат Алғамбаров мектепке кезекті сыйылығын жасады. Оның жеке қаражатына аумағы 143 шаршы метр қосымша ғимарат тұрғызылды. Онда бастауыш сынып балалары оқиды деп күтіледі. 

Фото: Валерий Бугаев

Осы уақытқа дейін орын жетіспеушілігіне байланысты мектептің бастауыш сыныптары екі ауысымда оқып келген. Енді бастауыштағы 19 бала оқуларын жаңадан салынған кең әрі жарық кабинеттерде бастайды. Ал жоғары сыныптар 2018 жылы салынған мектеп ғимаратында оқуын жалғастырады.

Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мектепке робот-техника кабинетінің жабдықтарын және спорт құралдарын сатып алуға 30 млн теңгеге сертификат табыстады.

Еске сала кетейік, Павлодар мектептерінде 6 мыңнан астам орын тапшылығы бар.