«АХҚО-ның ашылуы бірнеше себептерге байланысты өте маңызды саналады. Ол өте ауқымды бағдарлама болады деп есептейміз және болашақта Қазақстан халқының гүлденуіне сеп болады», - деді ол.
Сонымен қатар банк басшысы Қазақстан Үкіметі жұмысының түрлі бағытта прогреске қол жеткізгенін баса айтты.
«АХҚО-ның құрылуы солардың бірі, ал біздің банк АХҚО құру процесінің сенімді серіктесі саналады», - деді Сума Чакрабарти.
Оның пайымынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Бір белдеу, бір жол» жаһандық жобасының негізгі қаржылық хабтарының бірі бола алады.
«АХҚО-ны дамыту елдегі жалпы реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөлге ие. Орталық отандық және шетелдік инвестицияларды бағыттауға, өсімді ынталандыруға корпоративтік басқарудың жаңа стандарттарын қалпына келтіруге, тәжірибе бөлісуге септігін тигізеді. Сонымен қатар ол ірі компанияларды жекелешендіру үшін де маңызды рөлге ие. Ал бұл, елдің басты мақсаттарының бірі саналады», - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасының қатысуымен «Астана» ХҚО-ның ресми ашылуы өтті.
Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Астана Тәуелсіздігіміздің, еліміздің береке-бірлігінің, дамуының, дәрежесінің символы, барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы екендігін баса айтқан еді.
Ресми сөз сөйлеулерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев гонг соғу арқылы АХҚО қызметін іске қосты.
Фото: www.drt915.gr