ЕҚДБ Қазақстанға метан шығарындыларын азайту үшін қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанға метан шығарындыларын азайту бағытында қолдау көрсетеді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев пен ЕҚДБ вице-президенті Алан Пиюдің кездесуінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Метан шығарындыларын азайту, мониторингіні, есептілікті және әр түрлі салалардағы верификацияны жақсарту - маңызды міндет.

ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және газ тасымалдау, ауыл шаруашылығы, қатты тұрмыстық қалдықтар мен су бұру саласындағы негізгі секторларына баса назар аудара отырып, осы бағыттағы күш-жігерді қолдауға ниетті.

Меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар метанды азайту саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға кірісуге, сондай-ақ ең үздік халықаралық практика мен стандарттарға сәйкес газдың осы түрін реттеудің жаңа құралдары бойынша мүмкіндіктерді пайдалануды қарауға дайын.

Ведомствоның пайымдауынша, меморандум елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал етеді.


Фото : gov.kz