«20:40 кезінде Peugeot автокөлігінің жүргізушісі Кашир шоссесінің бойымен келе жатып рульге ие бола алмай, қоршауды қаққан. Одан кейін көлік жарық беретін бағананы соққан күйі екі жаяу жүргіншіні басып, жер асты өтпе жолына түсіп кетті», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Апат Кашир шоссесі бойындағы 26 үйдің тап жанында орын алды.
Жарақаттанған жаяу жүргіншілер ауруханаға жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.