Соттың анықтауынша, «Астана-Көкшетау» автомагистралінде 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан сотталушы К. автокөлік рулінде ұйықтап кетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған.
«Салдарынан автокөліктер соқтығысып, сотталушының қайын атасы мен әйелі мерт болды, ал әйелінің анасы ауыр халде жатыр. Әйелі қаза тауып, үш кішкентай баласымен және қарт анасымен қалған К. қызметінен шеттетілді және жол апаты үшін сотталды», - деп хабарлады Әскери соттың баспасөз қызметі.
Сот оны толық айыпты деп таныды және 5 жыл сынақ мерзімімен, бас бостандығын шектеусіз жаза тағайындады.