Екі адамның өмірін қиған жол апатында 4 жасар бала ешбір жарақат алмай, аман қалды
13:58, 19 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Екі адамның өмірін қиған жол апатында 4 жасар бала ешбір жарақат алмай, аман қалды. Қайғылы оқиға «Макин-Ақсу-Торғай» тасжолында, 17 қыркүйекте орын алды, деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Жолдың 2-шақырымында «Фольксваген-Пассат» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі, Степногор қаласының тұрғыны үш арба шөп тасып бара жатқан МТЗ-82 тракторын басып озбақ болған. Алайда рөлге ие бола алмай қалып, үшінші арбаның дөңгелегінің астына түсіп қалады.
Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен оның әйелі көз жұмды. Ал көлік ішінде болған олардың 4 жасар баласы ешбір дене жарақатын алған жоқ.