Екі алмас 13,4 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Gem Diamonds британдық компания салмағы 160 караттан асатын екі алмасты 13,4 млн. долларға сатқан.

Олар Лесотодағы Letseng кен орнында өндірілген екі асыл тасты (салмағы 162,02 карат және 161,31 карат), 11,1 млн. долларға және тиісінше 2,4 млн. долларға өткізген.

Әр каратқа орташа баға 68,7 мың және 14,64 мың долларды құраған. Letseng алмастарының орташа құны өткен тоқсанда әр каратына 2533 доллардан келді.

Letseng кен орнын De Beers-тен 2006 жылы 118,5 млн. долларға сатып алған болатын, деп хабарлайды Вести. ру.