Өз кезегінде фильмнің қазақ тіліндегі прокаты 30 пайызға арттырылған. «Жаужүрек мың бала» сеанстары күніне 120-дан 150-ге дейін өскен. Кинозалдарда әлі де болса ине шаншар орын жоқ. Мамырдың соңында фильмнің өңірлердегі көрсетілімі басталмақ.
Еске сала кетейік, «Жаужүрек мың бала» фильмі жалпықазақстандық прокатқа 3 мамыр күні шыққан болатын. Алғашқы демалыстардың өзінде ол шамамен 1 млн. доллар қаражат жинады. 17 мамыр күні 65-ші Канн фестивалі аясында отандық туындының халықаралық дистрибьютерлерге арналған нарықтық көрсетілімі өтеді деп жоспарлануда.