Автоцистернамен соқтығысқан екі автобус та өртеніп кеткен. 57 адам зардап шеккен, олардың көпшілігінің жағдайы аса ауыр.
15:37, 08 Мамыр 2016
Екі автобус автоцистернамен соқтығысып, 50-ден астам адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында жол апатынан кемінде 50 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі, 8 мамырда провинция губернаторына сілтеме жасаған TOLO News хабарлады.