Айта кеткен жөн, шаһарды содырлардан азат ету операциясы 17 қазанда басталған. Елді мекен «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы саналады.
Мосулды жаудан тазарту шарасына ел әскерімен қатар күрд жасағы қатысып жатыр. Оларға АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуеден шабуылдар жасап, қолдау көрсетіп келеді. Қазір қалада 5 мыңға дейін экстремист болуы мүмкін деген ақпарат бар.