Еліміздің жолдарында 2413 жол-көлік оқиғасы болып, онда 3428 адам зардап шеккен. ЖКО салдарынан 488 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 15-і қаза тапқан.
Жалпы, ЖКО-ның 90 пайыздан астамы Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен қатар, олардың кінәсінен 2286 апат жасалған, оның ішінде 55 алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
ЖКО-ның көбісі, яғни 751 оқиға, жылдамдықты арттырудан болды, соның салдарынан 98 адам қаза болып, 843-і жарақаттанды.
ЖКО-ның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр. 2016 жылы бұл аймақта адамдардың дене жарақатына және кісі өліміне алып келген 837 ЖКО тіркелген. Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда 27 ЖКО орын алған.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында ЖКО-ның азайғаны тіркелді. Керісінше, Павлодар және Ақмола облыстарында жол-көлік оқиғаларының біршама артқаны байқалды.
Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.