Республикашыл-үміткердің сайлау штабы бұл айыптауларға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Сұхбат берушілердің бірі 30 жыл бұрын Трамппен ұшақта қатар отырғанын, сол кезде оның кеудесі мен санына Трамптың қол жүгірткенін айтты (ол уақытта Трамптың жеке ұшағы болмаған).
Тағы бір әйелдің айтуынша, 2005 жылы Нью-Йорктегі "Трамп Тауэр" лифтінде қазіргі президенттікке үміткер оның ырқынан тыс ернінен сүйіп алған.
Трамп штабының мәлімдемесінде газеттегі мақаланың тұтас өтіріктен құрылғаны айтылады.
" New York Times үшін Трамптың абыройын төгу әрекетін бастауы аса қауіпті», - делінген мәлімдемеде.