Екі бала топырақ астында қалды, біреуі қашып үлгерген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстан Республикасында Қармақсалы ауылында екі бала мерт болды. Олардың мәйіттері өткен түні ғана табылды.

Алдын ала болжам бойынша, бір күн бұрын Қармақсалы ауылының үш баласы жардың шетінде ойнап отырған. Топырақтың сырғып түсуінен 12 жастағы ер бала мен оның 9 жастағы қарындасы үйінді астында қалды. Қорыққаннан үйіне қашып кеткен үшінш бала болған жағдайды үлгендерден жасырған көрінеді. Ата-анасы балаларын іздеген кезде ғана айтқан. Түнде жергілікті тұрғындар мәйіттерді үйіндінің астынан алып шықты.