Жабайы жыртқыш өз үйлерінің ауласында ойнап жүрген 8 және 12 жастағы мектеп оқушыларына шабуыл жасаған. Көптеген жарақаттар алған балалар ауруханаға жеткізілді. Ал аю болса орманға қашып кеткен. Бірақ аңшылар оның ізіне түсіп, атып өлтірді.
Жергілікті тұрғындар сарапшыларды күтпестен осылайша кек алды. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеуде, деп хабарлайды piter.tv.