«Мұндай шешім қабылдауымның бірнеше себебі бар. Мен бұл туралы да бірнеше рет ойланған едім, бірақ енді ғана толықтай шешім қабылдадым. Өзімді тамаша сезініп тұрмын. Қазір иығымнан ауыр жүк түскендей болып тұрмын», - деген Хиршердің сөзін келтіреді Expressen.
Хиршер – екі дүркін олимпиада чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы.
Сондай-ақ, ол Әлем кубогының жалпы есебінде сегіз рет жеңіске жеткен.