«Шушунованы кеше әпкесі ауруханаға жеткізген, өкінішке қарай, түнде чемпион қайтыс болды. Мүрдені тексеру нәтижелері әлі шыққан жоқ. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Шушунованың өліміне пневмониядан кейінгі аурудың асқынуы себеп болуы мүмкін», - дейді федерацияның баспасөз атташесі Елена Михайлова.
Шушунова 1988 жылы өткен Олимпиада ойындарының абсолюттік чемпионы. Сол жылғы Олимпиадада дара жарыстан бөлек, командалық турнирдің алтын медалін, сондай-ақ күміс және қола медальдардың иегері атанған. Командалық бәсекеден, көпсайыстан әлем чемпионы, ал көпсайыстың жеке түрлері бойынша үш дүркін әлем чемпионы болған.