Екі ел президенттері Қазақстан Украина арқылы өтетін мұнай транзитін арттыратыны туралы уағдаласты

None
ИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Украина мен Қазақстанның президенттері Виктор Янукович пен Нұрсұлтан Назарбаев украин аумағы арқылы қазақ мұнайының транзитінің көлемін 8 млн. тоннаға дейін көбейту туралы уағдаласты.

УНИАН тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы В.Янукович Н.Назарбаевпен болған келіссөздерден кейін болған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біз Украина аумағы арқылы өтетін мұнай транзитінің көлемін 8 млн. тоннаға дейін көбейтуге уағдаластық, оның украиндық мұнай өндіру зауыттарына қажетті бір бір бөлігі бөлек келісімге сәйкес өзімізде қалдырылуы мүмкін», - деп хабарлады В.Янукович.

Өз кезегінде Н.Назарбаев да келіссөздердің барысын, атап айтқанда, энергетика саласына қатысты келіссөздерді жақсы бағалады.

«Виктор Федоровичтің араласуына дейін қазақ мұнайының Украина аумағы арқылы тасымалдануы тоқтатылған еді. Қазір бұл шектеулер алынып тасталды, тасымалдау қайта жалғасын тапты», - деп жағдайды нақтылады Н.Назарбаев.