деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында Қ. Саудабаев екіжақты ынтымақтастық байланыстардың күн сайын нығайып жатқандығын атап өтті. Қазақстан мен Грузияның көлік, энергетика және басқа да салаларында ортақ жобалардың бірлесіп атқарылуына мүдделі екендігін жеткізді.
«Бүгіннің өзінде екі ел арасындағы келіссөздер бірқатар мәселелердің оңтайлы шешілуіне көмектесуде», деді Қ. Саудабаев.
Өз кезегінде Г. Вашадзе Қазақстанның Грузия үшін басты стратегиялық әріптес екендігіне тоқтала келе, «біздің арамызда тығыз әрі жақын байланыстар орнап келеді. Меніңше, осындай тікелей ынтымақтастық байланыстарды екі елдің басқарушы партиялары арасында да орнатқан жөн», деді.