Екі елдің құқықтанушылары қазақстан-беларус ғылыми байланыстары дамуының қажеттілігі туралы уағдаласты
19:01, 13 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасымен Беларусь мемлекеттік университетінде өткен кездесу барысында екі елдің құқықтанушылары қазақстан-беларусь ғылыми байланыстары дамуының қажеттілігі туралы уағадаласты, деп хабарлайды Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметі.
Бұл кездесу Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған болатын және де осыған байланысты ҚазҰУ профессоры Е.Алауханов Беларустың алдыңғы қатардағы ЖОО-ның студенттері мен оқытушылар қауымына Қазақстанның Негізгі заңы қалай дайындалып, бүгінгі таңда қалай дамып отырғандығы туралы айтып берді.
Беларустық ғалымдар да қазақ ғалымдары сияқты, 1990 жылдары толықтай жаңа Заң дайындап шығару міндетімен кездескендіктен, мүдделі пікір алмасудан кейін екі елдің заңгер-құқықтанушыларының өзара іс-қимыл жасау формасы жөнінде нақты ұсыныстар туралы сөз қозғалды.
Кездесу соңында профессор Е.Алауханов заң факультетінің деканы С.Болашенкоға, сондай-ақ Беларустың Ұлттық кітапханасына өзінің ғылыми еңбектерін табыс етті.