Қызылорда қаласындағы алаңдар «Мерей» шағын ауданында, Тасбөгет пен Титов кентінде, М. Ералиев атындағы мәдениет үйінің жанында, С. Майханов пен орталық алаңдарда ашылады. Ал Тараздағы алаңдар Қойбақов көшесінде, 12-ші шағын ауданда («Астана», 19-үйдің алдында), 7-ші шағын ауданда («Самал», 24-үйдің ауласы) және «Шөлдара» тұрғын үй алабындағы Молодежный көшесінде болады. Келесі айда аталған алаңдардың барлығын ашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, өткен жылы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасымен Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен мен Шымкентте ашық аспан астындағы 16 спорт алаңы ашылған болатын. Статистикаға сәйкес, бір айдын ішінде ондай алаңдарда шамамен 2 мың адам жаттығады.