ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 57 келідегі Мейрамбек Қартбай үнділік спортшыдан ұтылып, жарысты аяқтады.
65 келідегі Саятбек Оқасов құрлық додасының финалында күреседі. Ол іріктеу кезеңдерінде Бахрейн, Қырғызстан және Солтүстік Корея спортшыларынан басым болды.
Сондай-ақ 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов Ирак, Түрікменстан және Иран балуандарынан басым түсіп, финалға жолдама алды.
79 келіде белдесетін Ғалымжан Өсербаев Тәжікстан мен Өзбекстан балуандарын жеңгенімен, жартылай финалда үнділік балуанға есе жіберді. Кешкі сессияда Өсербаев қола медаль үшін таласады.