Аталған факті тексерілуде, қылмыстық іс қозғау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
12:22, 26 Қаңтар 2013
Екі қазақстандық азамат Қырғызстанның мемлекеттік шекарасы арқылы бір табын жылқы айдап өткізбекші болды, қылмыстық іс қозғау жоспарлануда
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» Аймақтық басқармасындағы «Қайынды» заставасының шекара жасағы Қырғыз Республикасынан 23 жылқыны айдап өткізбекші болған екі қазақстандық азаматты ұстады.