Екі қазақстандық боксшы Шанхайдағы турнирдің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхайда бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Бірінші күннің қорытындысы бойынша, жарыстың финалына екі қазақстандық боксшы жолдама алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай финалға шықты. Ал, оның ағасы Айбек Оралбай 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Бүгін жартылай финалдың жекпе-жектері өтеді. Қазақстандық боксшылар Шалқар Айқынбай 49 келі, Нұрбол Қалжанов 56 келі, Саматәлі Төлтаев 60 келі, сондай-ақ Талғат Шәйкен 69 келі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін күш сынайды.