Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Григорий Ломакин мен Денис Евсеев жұптық сында ширек финалға өтті.
Г. Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге ресейлік Богдан Бобров – өзбекстандық Денис Истоминді 6:2, 3:6, 10:6 есебімен тізе бүктірді.
Григорий мен Ян жартылай финалға өту үшін норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховпен таласады.
Д. Евсеев ресейлік Александр Шевченкомен бірге қазақстандықтар Тимур Мәуленов – Достанбек Ташболатовты 6:4, 6:1 есебімен ұтты.
Ертең Д. Евсеев пен А. Шевченко ширек финалда үндістандық Арджун Кадхе – украиналық Владислав Манафовпен шеберлік байқасады. Үндістандық-украиналық жұп қазақстандық Бейбіт Жукаев пен ресейлік Алибек Качмазовтан басым түсті.
Жекелей сында Д. Евсеев Шымкент челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол екінші айналымда ресейлік Евгений Карловскийден ұтылып қалды – 6:3, 3:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Шымкент турнирін жеңіспен бастағанын , теннисші Елена Рыбакинаның Рим жарысының үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.