Мұнда 602 жұмыс орны ашылған. Ал Атырау облысында 501 жаңа жұмыс орны ашылды. Үшінші орында - Батыс Қазақстан облысы. Мұнда 471 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Төртінші орында - Астана қаласы. Бас қалада 452 жаңа жұмыс орны бар. Қостанайда 178 жұмыс орны ашылып, 250 тұрғын еңбекпен қамтылған. Ал Шығыс Қазақстанда 170 жұмыс орны ашылып, 163 адам екі қолға бір күрек тапты. Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында 160-тан астам жұмыс орны ашылып, екі өңірде 689 адам жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ Павлодарда - 93, Солтүстік Қазақстанда - 62, Ақмола облысында - 60, Жамбылда - 55, Маңғыстауда - 40 және Қызылордада- 37, Қарағандыда 15 тұрақты жұмыс орны ашылған.