Екі комитеттің төраға орынбасарлары тағайындалды - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен екі комитеттің төраға орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметінен.

Бұйрыққа сәйкес, Дәулетияр Сахидуллаұлы Сейтімбетов және Болат Қабыкенұлы Бекнияз ҚР АШМ су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары лауазымындарына тағайындалды.

Сондай-ақ, Нариман Талғатұлы Жүнісов және Қайрат Жанғабылұлы Үстеміров ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарлары болды.