Екі күн бойы жер астында қалған 955 кенші құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында кенеттен жарық сөніп жер астында қалған 955 кеншіні құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Екі күн бойы жер астында қалған 955 кенші құтқарылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Африка Республикасында кенеттен жарық сөніп жер астында қалған 955 кеншіні құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Би-би-си. «Шахтерлер '>Би-би-си .

«Шахтерлер "Беатрикс"  алтын кенішінде сәрсенбіде электр желісінің ақауы салдарынан  екі күн бойы жер астында қалуға мәжбүр болған.

Электршілер осыншама уақыт бойы лифтілерді іске қосуға әрекеттенген.

Лифтінің біріне тек жұмада, таңертең ғана тоқ беріліп, кеншілер жоғарыға шықты, деп хабарлайды eNCA телеарнасы.

100 метр тереңдіктегі кеніштің иесі Sibanye-Stillwater компаниясы өкілінің айтуынша, шахтерлер зардап шекпеген.