«Полиция оның жоғалғаны туралы шағым түсіргенімнен кейін бірнеше сағаттың ішінде ұлымды тауып берді. Оның қайда болғанын айта алмаймын. Достарымен бірге болған. Бастысы - дін аман», - деп хабарлады жас жігіттің әкесі Мұрат Құндақбаев.
Еске салайық, Айбек Қаниев 24 ақпанда жоғалып кеткен. Соңғы рет оны таңғы 4-тер шамасында түнгі клубтардың бірінен көрген. Ұлының жоғалғаны туралы хабарды жігіттің әкесі әлеуметтік желіде хабарлады. Оны Алматы қалалық полициясы іздеп тапты.
Мая Теңізбаева
20:24, 26 Ақпан 2019
Екі күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы алматылық табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі күн бұрын түнгі клубтардың біріне барып, жоғалып кеткен 21 жастағы алматылық дін аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.