Екі күнге созылған келіссөзді өте белсенді түрде өткіздік - Еуропалық Одақтың жоғарғы уәкілі

АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - «Біз Иранға ұсынған сенімділік шаралары жөніндегі екі күнге жалғасқан бұл келіссөзді өте белсенді түрде өткіздік.

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер мен саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы уәкілі Кэтрин Эштон бүгін Алматыда Е3/EU 3» және Иран келіссөздер кезінде осылай айтты.

«Делегациялар өз астаналарына қайтқан соң ғана біз кездесуге байланысты баға беретін боламыз. Біз Иранның ядролық бағдарламасына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол үрдіске қатысамыз және өз әрекетіміз бір нәтижеге жеткізетініне сенеміз», - деді К.Эштон. Оның айтуынша, бұл келіссөз нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Жалпы, Қауіпсіздік кеңесі санкциясының мақсаты - қысымшылық көрсету емес. Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілінің сөзіне қарағанда, келіссөзге қатысушылар өз әрекеті табысқа жету үшін қазір барынша ынтымақтастықта жұмыс істеуі керек.