Екі күннің ішінде Мәскеуде «лотереялық клуб» ретінде жұмыс істеген 27 жасырын ойынхана жабылды

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен екі тәулікте Мәскеуде «лотереялық клуб» деген маңдайшадағы жазуымен жұмыс істеген 27 жасырын ойынхана жабылды.

Олардан 1217 ойын жабдығы тәркіленді. Бұл туралы кеше жедел мәселелер жөніндегі мәжiлiсте Мәскеу мэрінің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша орынбасары Александр Горбенко мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оның сөзінше, қазір «істі сотқа беру» дайындығы жүріп жатыр. Бұл жұмыс «бүгін-ертең» аяқталады.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин «тәртіп орнамағанша, бұл жұмыстардың қарқынын төмендетпеуді» тапсырды.

Собянин өткен аптада бұл мәселені жедел мәжілісте көтерген еді.

Ол жасырын ойын бизнесін ретке келтіруді, ал заң бұзушылыққа жол берген аудандардың басқарма басшыларын жұмыстан босатуды тапсырды.