Ірі жылан метамфетамин дайындайтын жасырын зертханада тіршілік кешіп келген. Ауаға жайылған химиялық заттың бөліктері оны есірткіге тәуелді еткен. Бұл құпия орынды полицияның әшкерелеуінен кейін рептилия құқық қорғау органдарының қолына түсті. Оны Сиднейдегі жануарларға арналған ірі түрме кешеніне жіберді, деп жазады Northern Star басылымы.
Орталықтың қызметкері Иэн Митчелдің айтуынша, алғашқыда жылан өзін өте агрессивті ұстаған. Өзге питондар тәрізді тыныш, баяу қозғалудың орнына керісінше оны салған контейнердің ішінде тоқтаусыз өрмелеумен болған.
Питонды есірткіге тәуелділіктен арылтуға тура жеті ай мерзім кеткен көрінеді. Қазір оған жаңа қожайын іздестірілуде.