Қараусыз жүрген алып жылан дүңгіршектердің арасында ақырын жылжып жүрген.
Екі аптадан астам уақыт СО-да Омбыдан келген «Тірі тропиктер» атты экзотикалық жануарлардың көшпелі көрмесі жұмыс істеуде. Орталықта болған бауырымен жорғалаушы - осы хайуанаттар бағының асырандысы. Алайда көрменің ұйымдастырушылары сауда орталығында олардың жыланы болғанын жоққа шығарып отыр. Сауда орталығының қызметкерлері болса, жұрттың мұндай дүрлігуін көрме ұйымдастырушыларының әрекеттерімен байланыстыруда.