"21 маусым күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі өтеді. Ал келесі күні, 22 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов xалық алдында есеп бермек", - деді О. Лоскутова бүгінгі брифингте.
Бұдан бөлек, Білім және ғылым министрлігі "Серпін" бағдарламасының алғашқы түлектеріне диплом табыстаса, денсаулық сақтау министрлігі кезекті конгресті өткізеді. Ал депутаттар қазақ-өзбек шекарасынан өткізу ережесіне түзетулер енгізбекші.