Екі мыңға жуық Арыс тұрғыны қаржылай көмек алды

АРЫС. ҚазАқпарат - Екі мыңға жуық Арыс тұрғыны қаржылай көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Өтемұратов қоры,Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы және ForteBank-тің «Көмек картасы» бірлескенжобасының шеңберінде Арыс қаласының 2 мыңға жуық тұрғыны қаржылай көмекке иеболды. Бөлінген ақшаға құрылыс материалдарын сатып алуға, шаруашылық тауарларынтүгендеуге және киім-кешекті бүтіндеуге беріліп отыр. Бүгінгі таңда Арысқаласының әкімдігі мен «Қызыл Ай» және Болат Өтемұратов қоры көмек алушылардыанықтады. Олардың қатарында медициналық жәрдемге жүгінгендер, көпбалалыотбасылар, жалғызбасты аналар мен мүгедектер бар. Аталған санатқа кіретін әротбасы мүшесіне 30 мың теңгеден банк карталары табысталды.

Арысқаласының әкімі Мұрат Қадырбек қор жетекшілеріне қаланы қалпына келтіругеатсалысқаны үшін алғыс айтты.

«Қиынкезеңде бізді бүкіл ел қолдады және бізге көмек қолын ұсынған ұйымдардыңбірі - Болат Өтемұратов қоры болды», – деп атап өтті қала басшысы.

Айтакетейік, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен қазақстандықтарғақолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасы 2018 жылы бастау алған болатын.Бұған дейін қор тарапынан Қарағанды, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстаноблыстарында үйлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 56 миллионтеңгеден астам сомаға көмек көрсетілді.