Екі облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін аязға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, сағат 12:30-дан бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысы аумағында да сағат 15:00-дeн  "Қызылорда-Павлодар" жолының 1069-1135 шақырымындағы "Молодежный-Павлодар облысы шекарасы"  аралығында қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктер  үшін жол жабылды.